Қоғам

Іскер әйелдер жетімдікке қарсы

 

Осы күні іскер әйелдер қоғамның қай саласына болмасын белсене атсалысады.  “Ашық жүрек” кешін ұйымдастырудағы мақсат – жетім балалардың мәселелерін талқылау. Сонымен қатар, бұл күні бала асырап алған отбасыларын құттықтау рәсімі өтті.

 

Бақытжан Сәмиева, СҚО іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы:

-Біздің қатарымыздағы 5 әйел қонақжай отбасы дәрежесіне ие болды. Олардың біреуі бір баланы, тағы біреуі 3 баланы асырап алды. Бүгінгі біздің кешіміз мейірімділікке бастайды.

 

Облыста 12 интернаттық мекеме бар. Онда шамамен 700-ден астам жетім бала тәрбиеленуде. Олардың әрқайсысы өз отбасын табуды армандайды.

 

Ирина Чугунова, СҚО балалардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы:

– Бұл бағытта департаментте көп жұмыстар атқарылуда. Бізде бала асырап алған ата-аналар клубы бар. Онда отбасыларға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, арнайы сайтымыз да бар.

 

Бүгінде облыс бойынша 947 бала қамқорлыққа алынған, ал, 189-ы патронаттық тәрбие алуда.

 

Әспет Әбдірешова