Құқық қорғау органдары

Жас жігіттің жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен екі полицей ұсталды

Тәртіп сақшыларының назарына Соколовка ауылдық полиция бөлімінің қызметкерлері ілінген. Олардың екеуі ұсталды. Ал үшіншісі Астана қаласындағы онкологиялық диспансерде ем алып жатыр екен. Күдіктіні ауруханада арнайы сақшылар күзетуде. Жоғалған азамат іздестіріліп жатыр. Күдіктілердің айтуынша, сәуірдің 28-і, жексенбі күні жол полициясы батальонының қызметкері мен жәбірленуші өзара жанжалдасып қалған екен. Сол күні олардың бәрі масаң күйде болған. Жанжал Есіл өзенінің жағасында да жалғасып,  жол сақшысы ауылдық жігітке бірнеше мәрте соққы жасап, өзенге лақтырып жіберіпті. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған оқиға бойынша әділ және жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізу үшін қазір бұл іс Департамент бастығының жеке бақылауында.

 

Гүлбану Ахметова