Спорт

Кикбоксингтен облыс чемпионаты

Бұл чемпионат жыл сайын өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша республикалық жарысқа қатысатын облыс құрамасы жасақталады.  

Сабыржан Сақтағанов, жарыстың бас төрешісі:
– Жарысқа Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов, Жамбыл және Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласы спорт мектептеріінің өкілдері қатысуда.

Шаршы алаңға алғашқы болып Виктор Вегеле мен Шыңғыс Бейсен шықты. Жекпе-жек тартысты өтті. Жақсы дайындықпен келген спортшылар жоғары шеберлік танытты. Дегенмен техникасы басым шыққан Шыңғыс жеңіске жетті. 

Бейсен Шыңғыс:
– Кездесу қиын өтті, дегенмен бар күшімді жиып, жеңіске жеттім. Кикбоксингпен  бес жыл болды айналысқаныма. Осы салада жоғары жетістіктерге жеткім келеді.

Жарыс екі күнге созылады. Жеңмпаздар диплом, медальдармен марапатталады. 11-14 жас аралығындағы жеңімпаздар маусымның 8-9 күндері Алматыда өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды.