Мәдениет

Отбасылар байқауы

 

 

Апалы- сіңлілі Мінәндардың отбасылық дуэті байқау шымылдығын егемендік үшін күрескен жалынды жастардың ұранына айналған “Желтоқсан желі” әнімен ашты. Меруерт пен Ерке ел тәуелсіздігін алған жылы Монғолиядан  атамекенге оралыпты. Сол уақыттан бері туған топырақта қолдарынан үкілі домбыра түспеген олар  өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулитын жырлармен сусындатып жүр.

Меруерт Мінән,  байқауға қатысушы, Ақжар ауданы:
– Біз бала кезден өнерде жүрміз. Негізі триомен айтамыз. Шешеміз келе алмай қалды себептермен .
Ерке Мінән, байқауға қатысушы, Ақжар ауданы:
– «Желтоқсан желі» әнін таңдаған себебіміз өсіп келе жатқан жастарымызға үлгі болсын деп,  отансүйгіштікке баулу үшін.  

Отбасы дуэттері мен ансамбльдердің өңірлік байқауына барлық аудандар мен облыс орталығының өнерлі жанұялары қатысты.  

 Спартак Рамазанов, қазылар алқасының мүшесі:
– Бұл байқаудың мақсаты жанұялық дуэттер мен ансамбльдерді табу. Ең алдымен әнді айту, сахнада өзін ұстау мәдениеті мен киімдері жағынан бағаланады. Сөйтіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтаймыз.

Сахнаның сәні мен мәнін аша білген шалақындық Айтпенбетовтар триосы гранпри иегері атанды. 1-ші орынды Жамбыл ауданының Бламбаевтар отбасы жеңіп алды. Сондай-ақ үздік үштік пен 4 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.

 Жеңіс Ермұқанов