Құқық қорғау органдары

«Нелегал-2013» шарасы

 

 

Қытай елінің бұл 3 азаматын тәртіп сақшылары вокзал маңында ұстаған. Олардың Қазақстан аумағында рұқсатсыз жүргендеріне 10 күннен асыпты. Ал  Петропавлға 2 күн бұрын келген екен.

«Нелегал – 2013» жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде көші-қон полициясы заңды бұзған 108 шетел азаматын анықтады. Сот шешімі бойынша олардың 8-і елден шығарылды. Ал, 31-не қатысты Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Бұған қоса, сот шешімін орындамаған 3 шетел азаматы мен келімсектерді заңсыз жұмысқа қабылдаған 5 адам жауапқа тартылды. “Нелегал” жедел алдын алу шарасы мамырдың 17-не дейін жалғасады.

 

Гүлбану Ахметова