ТЖ

Өткен аптада өңірде 20-ға жуық өрт тіркелген

 

Осындай төтенше жағдай өткен аптада М.Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында да тіркелді. Газ баллонын ауыстырамын деген зейнеткер әйел үйінен айрылып қала жаздады. Өрт сөндірушілер уақытында жеткен екен. Ал, Аққайың ауданындағы Дайындық селосы тұрғынының моншасы мен жалғастыра салынған жайы жанып кетті. Себеп – пешті дұрыс пайдаланбау. Негізінен өрт оқиғалары адамдардың ұқыпсыздығы салдарынан орын алып жатады дейді құтқарушылар. Жыл басынан бері облыста 261 өрт тіркеліп, 115 млн теңгенің шығыны келген. Ал 20 тұрғын әр түрлі дене жарақатын алып, өрт салдарынан 30 солтүстікқазақстандықтың өмірі қиылды. Арасында 5 бала бар.

 

Данаш Хамзина