Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аграрийлерді қолдау

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ өңіріміздегі өкілдігі шаруаларды көктемгі-жазғы қаржыландыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл арқылы мемлекеттік астық қорына 3-сыныпты бидай сатып алынып жатыр. Заңнамаға сәйкес 250 гектардан астам егіс алқабы бар диқандар бұл шараға қатысуға міндетті екен.

 

Аблан Есентаев, “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ облыстық өкілдігі директорының орынбасары:

-2013 жылдың орағынан мемлекеттік қорға астық сатып алу ҚР заңнамасына сәйкес 2-деңгейлі банктің толтырылған кепілдемесі тапсырылған кезде 3-сыныпты бидайдың 1 тоннасы үшін 20 000 теңге алдын ала қаржыландыру есебімен жүзеге асырылады.

 

Мамандардың айтуынша шаруалар үшін бұл өте тиімді. Бүгінде 3 жерлесіміз «Азық-түлік келісім шарт корпорациясының» жергілікті өкілдігіне өтініш жазып үлгерген. Өтінімдерді қабылдау әлі де жүріп жатыр.

 

Аблан Есентаев, “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ облыстық өкілдігі директорының орынбасары:

-Өзінің құжаттарын қабылдаймыз, жерге керекті іс қағаздарын қабылдаймыз. Өтініш осында жазылады. Сонымен қатар оның куәліктері керек. Протокол болуы тиіс.

 

Астықтың құны күз мезгілінде белгіленбек. Өткен жылы 1 тонна бидайдың бағасы 40 мың теңге болған екен. 2012 жылы мемлекеттік астық ресурсына 60 мың тоннадан астам алтын дән сатып алынды

 

Айдана Демесінова