Қоғам

Ұлы Отан соғысы тарихында солтүстікқазақстандықтар өшпес із қалдырды

70-жылдардың басында бұл көше Депо көшесі деп аталған болатын. Ал  оның Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Никифор Ахременконың есіміне ауыстырылғанына 40 жылға жақындапты. Никифор Ахременко соғыс басталғанға дейін локомотив депосында еңбек еткен. Көше атына әкесінің есімін беруді батырдың ұлы Анатолий Никифорович ұсыныпты.

 

Анатолий Ахременко, Никифор Ахременконың ұлы:

-Депо басшылығы ойымды құптап, 1975 жылдың наурызында көшеге әкемнің есімі берілді.

 

Әкесі Анатолий Никифоровичтің есінде қалмапты. Баласының қолында батырдың бірнеше фотосуреті мен хаттары ғана бар. Оның қандай адам болғандығын туған-туыстары мен әкесінің жолдастарының әңгімесінен ғана біледі.

 

Анатолий Ахременко, Никифор Ахременконың ұлы:

-Жұмысында сыйлы болған жан. Соғыс басталған шақта оны әскер қатарына шақыртпаған. Себебі, броньда болыпты. Бірақ, оған қарамастан 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанады.

 

Кіші сержант Никифор Ахременко 1944 жылдың қаңтарында 2-ші Украин майданындағы 53-армия 441-атқыштар полкы бөлімінің командиры болып тағайындалады. Кировоград облысындағы Каниж елді мекенін жаудан азат ету барысында ол қолындағы гранатамен фашистердің танкін жарып, өзі де сол жерде көз жұмады. Көрсеткен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені мен “Алтын жұлдыз” медалі табысталған. Кіші сержант Украинаның Кировоград облысында жерленген. Батырдың ұлы Анатолий Никифорович жолдың қашықтығына қарамастан айтулы даталарда әкесінің басына барып тұрады. Ол – менің перзенттік парызым дейді.

 

Анатолий Ахременко, Никифор Ахременконың ұлы:

– Бірінші рет барғанда адам көп болды. Ине шаншар жер жоқ деуге болады. Бауырлас халық бәрімізді құшақ жая қарсы алды. Соғыс оты шарпыған жерлерді аралап шықтық.

 

Сұралып соғыс жылдарында 54 солтүстікқазақастандық Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Петропавлдың 10 көшесі солардың есімдерімен аталады. Бізге бейбіт өмір сыйлаған батырларымыздың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.

 

Самат Есмағи