Қоғам

Ғарышкерлер студенттермен кездесті

Әуелі қонақтар  оқу ордасындағы салтанатты ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Кейін олар университет жанындағы обсерваторияда болып, білім ошағының мұражайын аралады. Студенттермен кездескен құрметті қонақтар СҚМУ білікті мамандарды даярлайтын үздік білім ордаларының бірі екенін атап өтті. Оқу кеңесінің шешімі бойынша меймандарға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің құрметті профессорлары деген атақ берілді.

 

Әспет Әбдірешова