Қоғам

Александр Викторенко және Талғат Мұсабаев Солтүстік Қазақстан өңіріне келді

Кездесу барысында Самат Ескендіров меймандарға өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімелеп берді. Қай сала болмасын алға ілгерілеушілік бар. Оның бәрі мемлекеттік қолдаудың арқасы. Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру арқылы еліміз гүлдену үстінде, онымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы да жыл санап өркендеп, дамып келеді. Оны меймандармен әңгіме барысында өңір басшысы атап көрсетті. Кездесу соңында Александр Викторенко өзінің ғарыш кемесінде түскен суретіне қолтаңбасын қалдырып, оны аймақ жетекшісіне сыйлады.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Құрметті меймандар, 9 мамыр мерекесі қарсаңында өңірімізге келгендеріңіз – біз үшін үлкен мәртебе. Александр Степанович туған жерін ұмытпай, жылына бір рет болсын соғып тұрады. Әрі ағамыздың Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқушыларына арнайы тағайындалған стипендиясы бар. Оның өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор деп ойлаймын. Бұл одан әрі де жалғасын табады.

 

Самат Есмағи