Мәдениет

Ән мен би кеші

“Туған жер” және “Қызыл жар” ансамбльдері біздің облыста ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал.  Сахнада алдымен бишілер өнер көрсетті. Хореографиялық ұжымның құрылғанына екі-ақ жыл. Осы қысқа мерзімде  өнер ұжымы көптеген облыстық және республикалық байқаулар мен фестивальдарда жеңімпаз атанып үлгерді.

Михаил Лахтин, «Туған Жер» би ансамблінің жетекшісі:
– Біз бағдарламамызға көптеген халықтардың билерін алдық, мәселен, қазақ, орыс, украин, өзбек билері . Біздің репертуарымызда қазір 20-дан астам  би бар.


Ал «Кызыл Жар» халық музыкасы ансамблінің мүшелері  сан алуан аспаптарда ойнап, түрлі тілдерде ән шырқайды. Биыл ұжымның құрылғанына 20 толады.

Виталий Смотров, «Қызыл жар» ансамблінің көркемдік жетекшісі:
– Халық музыкасы – біздің түп-тамырымыз, біз сол әндермен тербеліп өстік. Енді  өзіміз бүгінгі  ұрпаққа сол байлықты көрсетуге, түсіндіруге тырысудамыз. Онсыз ұрпақ жалғастығы болмайды. Бұл мерейтойлық концерт алдындағы дайындық деуге болады, біз биыл 20-ға келеміз .

Өнерпаздар 30-дан астам ән мен би орындап, көрермен көңілінен шықты.