Қоғам

Салтанатты парадқа дайындық

 

Бұл әскери бөлімшелердің салтанатты шараға толық құрамда алғаш дайындалуы. 7 мамыр күні парадты Әскери институт курсанттарының 2-легі бастамақ. Нұрболат Қазақов Отан қорғаушылар күніндегі мұндай шеруге екінші рет қатыспақшы. Бұл – үлкен жауапкершілік дейді ол. Өйткені, шеруге қатысатын болашақ офицерлер іріктеуден өткен екен.

 

Нұрболат Қазақов, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының курсанты:

-Парадқа қатысу – біз үшін өте жауапты іс. Сондықтан, барынша дайындалып, саппен жүруді пысықтаймыз.

 

Әскери институттан соң шеруді 6637 әскери бөлімі, 2032 шекара бөлімшесі, ішкі істер және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жалғастырмақ. Сондай-ақ, алаңға 10 -нан астам әскери техника шығарылады деп күтілуде. Және де бұл күні петропавлдықтар мен қала қонақтары шығармашылық ұжымдардың әзірлеген мерекелік бағдарламасын тамашалай алады. Парадқа дайындықтың өзіне жиылған жұрт аз болмады.

 

Илья Бориско:

– Мен әскери адам болғым келеді. Олардың киімдері де, өздерін ұстаулары да маған қатты ұнайды. Міндетті түрде салтанатты парадқа келемін.

 

Шеру таңғы сағат 10 жарымда басталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, алаңда Жамбыл облысындағы өтетін еліміздегі тұңғыш жауынгерлік парадтан тікелей көрсетілім жүргізілмек.

 

Инеш Шоқақова