Білім

Лайықты білім алу мүмкіндігі

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған кезде еліміз енді тәуелсіздігін алған болатын. Сол кезден бері шетелдерде түрлі саладағы кадрлар даярланып, елімізге білікті мамандар оралды. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама бойынша 27 жерлесіміз өз білімдерін шыңдауда.

 

Амангелді Әбдірахманов, СҚО білім басқармасы бастығының орынбасары:

– Біз білім беру саласында білікті мамандардың қызмет етуіне аса көңіл бөлудеміз. Өйткені олар келешекте ұстаздық етіп, жас ұрпаққа білім беретін болады. Оқушылар мен студенттердің алған білімінің халықаралық стандарттарға сай болуы маңызды.

 

Бұл жолы кездесуге «Дипломмен –  ауылға» бағдарламасы бойынша еңбек ететін жастар жиылды. Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бакалавриат бойынша мамандарды даярлауды тоқтатқан. Басты назар магистратура және PhD докторларын әзірлеуге бөлінуде. Бұл мүмкіндікті № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Нұрбаева да қалт жібермеуге тырысамын дейді.

 

Мөлдір Нұрбаева, № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының мұғалімі, Айыртау ауданы:

– Мен өз білімімді жалғастырғым келеді. «Болашақ» бағдарламасына қатыссам дейді. Әзірге, халықаралық стипендия жайлы толығырақ білгім келеді.

 

2012 жылдан бастап бірінші рет педагогикалық, медициналық және инженер-техникалық мамандық иелерін шетелдерде тағылымдамадан өткізу жобасы іске қосылған.

 

Инеш Шоқақова