Құқық қорғау органдары

Полицейлер бір отбасын өрттен құтқарды

 

Явленка селосы тұрғынының ауласында  өрт сәуірдің  22-нен 23-не қараған түнде шыққан. Бұл кезде қалың ұйқыда жатқан отбасын аудан орталығында кезекте жүрген учаскелік полицейлер оятты. 

Еркебұлан Дошанов, Есіл АІІБ жасөспірімдер істері жөніндегі учаскелік инспекторы:
– Біз Карл Маркс көшесіндегі 32-ші үй жанынан өтіп бара жатқан едік. Өрт шыққанын байқап, үй иелерін ояттық та, өртті сөндіруге кірістік.

Полицейлердің  бұл көмегі туралы Есіл аудандық ішкі істер басқармасының басшыларына үй иесі әдейі барып хабарлапты.  

Ирина Кулакова:
– Олар моншада шыққан өртті сөндірушілер келгенше шелекпен су тасып сөндіруге тырысты.

Өрт сөндіруге қатысқан учаскелік полицейлер Жанат Рамазанов, Еркебұлан Дошанов, Жәнібек Байзақов және Жанар Бакеева сол күні өткізіліп жатқан “Жасөспірім”  шарасы бойынша көше аралауды одан әрі жалғастырды.