Қоғам

Бір халық – бір ел – бір тағдыр

 

Бейбіт елімізде ынтымағымыз нығайып, сан алуан ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Достық пен бірлік мекеніне айналған мемлекетіміз өзгелердің құрметі мен жоғары бағасына ие болып отыр. Кейінгі ұрпақтың ендігі мұраты – осы құндылығымызды сақтай отырып ортақ Отанымызды өркендету. Барша қазақстандықтар да Елбасының бұл саясатын қолдап, ішкі тұрақтылығымызды сақтауға тырысуда. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі орасан. Еліміздегі әр ұлттың өз мәдениетін сақтап, дамытуына барлық жағдай жасалған.

Владимир Ивашкин, «Қазақстанның орыс қауымдастығы» ҚБ СҚОФ мүшесі:

-Елбасымыз айқындап берген бағытты қолдаймын. Мемлекетіміздегі ауызбіршілік сақталып, бағындырған белестеріміз өсе берсе екен деймін. Бұл үшін барлық ұлт өкілдері жұмылып еңбектенуі қажет. Біз үшін Қазақстанда жақсы жағдайлар жасалған, біз де оның дамуына үлесімізді қосуымыз керек.

 

Ал, мемлекеттік мейрамдарды тойлау бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін өзгелерге таныстыруға жол ашады. Әсіресе, Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің маңызы азаматтарымыз үшін айрықша.

 

Владимир Ивашкин, «Қазақстанның орыс қауымдастығы» ҚБ СҚОФ мүшесі:

-Осындай мерекелер ынтымаққа шақырады, халық арасындағы достықты нығайтады. Сондықтан, бұл мейрамның әрбір қазақстандықтың өмірінде алатын орны ерекше.

 

Айдана Демесінова