Мәдениет

Әскери әндер байқауы

 

Байқауды №24  орта мектеп оқушылары бастады. Олар «На солнечной поляночке» әнін орындады. Оның мәтінін   сұрапыл соғыс жылдары ақын Александр Фатьянов жазған екен. Туындыда жауынгердің қызға деген махаббаты жырланады. Оқушылар әнді орындау барысын сахналық көрініспен бейнеледі.

 

Гүлім Ахметжанова, №24 орта мектеп оқушысы:

-Бұл – өте көңілді ән. Қиын жылдар болса да, мәңгілік махаббаттың уақыт, жас таңдамайтынын көрсетеді. Бұл туындыны көңілімізге жақын болған соң таңдадық. Биге басуға да қолайлы.

 

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушылары да әскери әндерді орындауда ешкімнен осал емес екендіктерін көрсетті. Ұлы Жеңіс жолында дүниеге келген әндердің мазмұнында жаумен алысуда бірлігі жарасқан халықтардың отансүйгіштігі баяндалады. “Жеңіс отшашуы” байқауына барлығы 150 оқушы қатысты. Балалардың мақсаты – бейбіт өмір сыйлаған аталарының ерлігін үлгі тұтып, рухына тағзым ету. “Жеңіс әндері” аталымында №8 мектеп оқушылары алдарына жан салмады. Көркем фильмдердегі әндер талымында №5 мектептің шығармашылық ұжымы үздік деп танылды. Әскери саптағы әуендер номинациясында №1 мектептің оқушылары топ жарды.

 

Жеңіс Ермұқанов