Балалар

Жастарды жазда жұмыспен қамту

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Агидель Туребекова жазғы демалыс уақытында “Жасыл ел” қатарында еңбек етсем деген ниетте. Өңірімізді абаттандыруда өз үлесімді қосамын, оның үстіне еңбегіңе тиісті жалақы да төленеді дейді. Мемлекет ұсынып отырған тәжірибе жастардың еңбекке шыңдалуына да септеспек. “Жасыл ел” студенттер жасағы ағымдағы жылы жұмысын шілде айында бастайды. Бұл жолы еңбекке 500 жасты тарту жоспарланып отыр.

 

Асхат Гумиров, “Жасыл ел” студенттер жасағының менеджері:

– Жастарды жұмыспен қамту бүгінгі таңда өзекті болып отыр. «Жасыл ел» жасағының қатарында еңбек еткен жастарға айына 40 мың теңгеден жалақы төленеді.

 

Сонымен қатар жиында әр ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтетініде айтылды. Мәселен биыл осы шара арқылы 237 адам еңбекпен қамтылған. Дөңгелек үстелге мемлекеттік мекемелер, жастар ұйымдарының өкілдері мен өңір еріктілері және студенттер қатысты.

 

Гүлбану Ахметова