Балалар

Студенттердің еңбек биржасын дамытуға 5 млн теңге бөлінді

Қазір еңбек нарығында жас мамандарға 200 бос орын ұсынылған. Жасы 18 бен 29 арасындағы азамат кәсіп таба алмай жүрсе, Жұмабаев көшесіндегі 109-шы үйдегі, 505-ші кабинетке келіп, мамандармен жолыға алады. Мұнда 200-ден астам мамандық түрі бар. Сондай-ақ, құрылыс топтары мен “Жасыл ел” қатарында еңбектенгісі келетіндердің де екі қолдарына бір күрек осында табылады.

 

Анастасия Коренцова, СҚО студенттік еңбек биржасының менеджері:

-Ең алдымен, біз адамның қай қызметті қалайтынын, жалақы мәселесін және қандай кестемен жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар екенін біліп аламыз. Сосын соған сай кәсіп ұсынамыз.

 

Әспет Әбдірешова