Білім

Облыста қазақ тілінің үздік оқытушысы анықталды

 

Кешеден бері “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” атану үшін облысымыздың мемлекеттік мекемелерінде қазақ тілінде сабақ беретін 13 мұғалім 2 кезеңде сынға түсті. Одан тек 6 ұстаз ғана сүрінбей өтіп, бүгін қазылар алқасының алдында әр түрлі тақырыпта ашық сабақ өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша жыл санап “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” байқауына қатысушыларға қойылатын талап та жоғарылап келеді екен.

 

Кемел Оспанов, облыстық тілдерді дамыту жөіндегі басқарма бастығы:

– Конкурстың негізгі мақсаты ересектерді оқытудағы жаңа технологияларды пайдалану және жаңашылдықты көрсету. 25-і күні барлығы 35 минуттан ашық сабақ өткізді.

 

Сөйтіп, іріктеу кезеңінен өткен 6 мұғалімнің ішінен Аққайың аудандық әкімдігі аппаратының бас маманы Майра Жәкімсалова суырылып шығып бірінші орынды иемденді. Енді, ұлағатты ұстаз өңір намысын республика көлемінде қорғайтын болады.

 

Майра Жәкімсалова, “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” байқауының жеңімпазы:

– Бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын. Мен азық-түлік және грамматикалық тақырыптарында ашық сабақ өткіздім. Дегенмен бірінші орын аламын деген ойымда болған жоқ.

 

Бұл байқауда екінші орынды Ғ.Мүсірепов ауданынан келген Мөлдір Алтынбекова иемденді. Үздік үштікті Қызылжар ауданының намысын қорғаған Жанар Құлақбаева түйіндеді.

Гүлбану Ахметова