Қоғам

“Жүректерде бірлікке деген сенім бар”

 

Еліміздің басты байлығы – бірлік. Бүгінде «Қазақстан» деп аталатын 1 шаңырақтың астында 150-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Иван Шухов атындағы кітапхананың қызметкерлері 164/6 түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге бұл мейрам жайлы әңгімелеп берді.

 

Анна Шарипова,  И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапхана кітапханашысы:

-Қазақстан халқының бірлігі күні біз үшін өте маңызды. Өйткені еліміз түрлі ұлт өкілдерінің бірлігімен әлемге танылды. Халық достығының бекем болуына үлесімізді қосамыз.

 

Танымдық кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Жиылғандарға «Звонница» казак хоры өз өнерлерін паш етті. Әндерінің көпшілігі Отан тақырыбына арналған.

Кітапхана қызметкерлері осындай концерттерді бұл жерде жыл сайын ұйымдастырып тұрады екен.

 

-Шара өте қызықты өтті. Мерекенің болғаны жақсы. Көпұлтты елде тұрып жатқаныма қуаныштымын. Бірлігіміз әрі қарай нығая берсе екен деймін.

-Еліміздің дамуын қаласақ, бірігуіміз қажет. Бір-бірімізге сыйластық танытуымыз керек. Елімізде барлық ұлттың тең болғаны қуантады.

 

Жиылғандар «Жүректерде бірлікке деген сенім бар» атты кітаптар көрмесіне де тәнті болды.

 

Айдана Демесінова