Бизнес және экономика

Нумизматтар үшін жағымды жаңалық

 

500 теңгелік «Арқар» ескерткіш күміс монетасы сәуірдің 19-да  қолданысқа енді. Оның пішіні он екі қырлы. Өнер туындысының бет жағының оң бөлігінде оның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазу бар. Сол жағында шауып бара жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монета бетіне алтын жалату технологиясын қолдана отырып дайындалған.

 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚФ маманы:

-Бұл монетада шоқырақтаған арқардың бейнесі бейнеленген. 925 сынамды күмістен жасалған. Салмағы 31,1 грамм. Бағасы – 10200 теңге.

 

Бұл күні «Сүйіндір» деп аталатын тағы бір ескерткіш монета айналымға шықты. Номиналы 500 теңгелік күміс «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясына жатады. Қазақ халқының ежелден келе жатқан салттарының бірі «Сүйіндір». Яғни перзентті болған қызына анасының арнайы баруы. Осылайша қызын қияға қондырған  ана оның ақылшысы, сүйеніші, қамқоры болады. Бұл дәстүр жаңа монетада да көрініс тапты.

 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚФ маманы:

-“Сүйіндір” монетасында қызының сәбиі үшін анасының тұмар беріп жатқан сәті бейнеленген. Монета 925 сынамнан жасалған. Салмағы 31,1 грамм. Бағасы 8900 теңге.

 

Монетаның бет жағының орталық бөлігінде еліміздің елтаңбасы бейнеленген. Оның 2 жағында ұлттық ою-өрнекті байқауға болады.

 

Айдана Демесінова