Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қаланы көркейту

Облыс орталығының санитарлық жағдайы барлық талаптарға сай болуы керек. Бұл ретте үш айлық жарияланған болатын. Оның аясында екі сенбілік өтті. Нәтиже қаншалықты.

 

Қайролла Ғалеев, Петропаавл қаласы әкімінің орынбасары:

-Сенбілікке 1200 ұйымнан 30 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Шығарылған қоқыс 345 мың тонна. Алайда бірқатар сауда орындары оған жүрдім-бардымдылық танытты.

 

Бұл мақсатқа бөлінген қаражат 500 миллион теңгеге жуық. Бұл аз ақша емес. Облыс әкімі қаланың тазалығы осыған сай болуы керектігін атап көрсетті. Алайда санитарлық жағдай көңіл көншітерлік емес.

 

Қайырғали Исенеев, СҚО МСЭҚД бастығы:

-Барлық мекемелер өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығын сақтауға міндетті екендігін біледі. Бірақ ол тиісті деңгейде атқарылып жатқан жоқ. 12 заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Жеке секторлардағы күл-қоқыстар уақтылы шығарылмайды. Ол санитарлық қызмет мамандарының олқылығы. Облыс орталығында шамамен 900-ден астам қоқыс контейнерлері қойылған аумақ бар. Тұрмыс қалдықтарын шығарумен алты кәсіпорын айналысады. Барлығы тендер аламандарының жеңімпаздары. Соның бірі  “Коммунхоз” серіктестігі. Кәсіпорын жартылай қалалық әкімдіктің коммуналдық меншігі болып табылады. Бірақ жұмыстары көңіл көншітерлік емес. Жолдардың жағдайын жақсарту да санитарлық талаптардың бірі. Үш айлық барысында 40 көшенің ойылған тас жолын жамау мен бірқатар көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Жалпы алғанда жол жөндеу мен абаттандыруға бөлінген сома 1 миллиард 600 миллион теңгеден артық. Бұл жұмыстар үшайлық барысында тәмамдалуы керек. Нәтижесі басты назарда болады. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға осындай міндеттеме қойды.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Тазалық бойынша бекітілген аумақтар өзгертілмейді. Оның санитарлық жағдайына ведомстволар  мен ұйымдар, кәсіпорындардың басшылары жауапты болады. Қалалық әкімдікпен бірлесіп жұмыс атқарыңыздар. Облыс орталығында халық көп шоғырланатын 48 демалыс орны бар. Тазалық басты назарда болуы шарт. Көшелердің санитарлық жағдайын қадағалауды да естен шығармаңыздар.

 

Гүлзарлар мен шағын саябақтарда өсірілетін гүл түрлері де өзгертілуі керек. Бұл қаланың келбетін одан әрі ажарландыру үшін қажет. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жауапты басшыларға осындай міндеттеме қойды.

 

Самат Есмағи