Құқық қорғау органдары

“Би-логистикс” АҚ филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке жапа шеккен азаматтардың бірі арызданып, “Би-логистикс” басшысы газ тасымалдауға арналған автокөлікті аукцион арқылы жеңіп алуыңа көмектесемін, ақысына маған 1000 доллар бересің деп шарт қойғанын айтқан. Сәуірдің 17-сі күні полицейлер шұғыл операция жүргізу барысында сезіктінің жұмыс орнынан 300 мың теңге, әмиянының жасырын қалтасынан 1 мың АҚШ долларын тәркілеген. Әзірге компания өкілі өз кінәсін мойындамай отыр. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 311-бабының төртінші тармағы бойынша қалмыстық іс қозғалды.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

-1 мың АҚШ долларын алды деген күдікпен “Би-логистикс” АҚ директоры және сот актілерін орындау департаментінің екі қызметкері ұсталды. Олар 7-ден 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Самат Есмағи