Білім

«Престиж» олимпиадасы

 

Қаламызда мұндай интелектуалдық олимпиаданың ұйымдастырылып жүргеніне 20 жылдан асты. Осы уақыт аралығында білім додасына қатысушылардың саны біршама артыпты. Биыл бұл сында екінші рет бағын сынап көрген Зарина Забкенқызы 2-ші орыннан көрінді. Ол 4 пән бойынша білімін саралады. Сайысқа 4-тен 7 сыныпқа дейінгі оқушылар қатысқан. Бірақ бәріне де қойылған талап бірдей емес. Мәселен, 4-5-6 сыныптар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен берілген тапсырмаларды орындаса, 7 сыныптың оқушылары 10 пәннің ішінен біреуін ғана таңдауы қажет болған. Алена Кошечка қазақ тілінен білімін сынады. Және жақсы дайындығының арқасында ол бас жүлдені иемденді. Жалпы интеллектуалдық олимпиадаға қалалық 18 мектептен 370-ке жуық оқушы қатысуға ниет білдірген. Оның тек 76-сы ғана білім додасынан сүрінбей өтіпті.

Елена Коноплева, Бірінші лицейдің директоры:

– Мұндай олимпиаданы өткізу өңірімізде дәстүрге айналған. Өйткені нағыз білімді оқушыны осы сында  анықтауға болады.

 

Салтанатты марапаттау рәсімі концертке ұласты.

Гүлбану Ахметова