ТЖ

187 құтқарушы көмекке келді

 

Төтенше жағдайға тап болған көмекке зәру халыққа кәсіби қызмет жасап, шаруашылық нысандарды бақылау. Қазір құрылымдар топан су басып қалу қаупі зор Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл, Уәлиханов аудандарына жіберілді.  «Казгидрометтің» болжауынша Есіл өзені мамырдың 3-10 аралығында арнасынан аспақ.

Евгений Обухов, СҚО ТЖД бөлім бастығы:

– Уәлиханов ауданындағы Сілеті су қоймасы аса зор қауіп тудыруы мүмкін. Сондықтан аталмыш ауданға арнайы топ жіберілді. Қазір онда жасақтың күшімен канализациялық желілер тазартылып жатыр. Судың астында қалған 27 жол бөлігі жөнделуде. Аталмыш аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Түскен әр шақыртуға жылдам жетіп, жапа шегушілердің аумағын судан арылтып жатырмыз.

Жеңіс Ермұқанов