Құқық қорғау органдары

Сұмдық қылмыстың беті ашылды

 

Адам денесінің бір бөлігі табылғаннан кейін тәртіп сақшылары осы аумақты тінтуге кірісті. Қоқыс шығарылатын алаңдар тексеріліп, қайғылы жағдай жайлы азаматтардан сұрастырып көрді. Ақыры, жеке меншік мекемелердің бірінің күзетшісі полицейлерге қоңырау соғады. Осының арқасында адамның мүрдесі табылды. Жерлесіміз жұмысының маңындағы қоқыстың арасынан ер адамның денесін байқап, мүрденің оң жақ табанының болмағанын аңғарған. Күзетші болып істеген 3 адамның біреуі  53 жастағы мүгедек, осындай жауыздыққа барғанын мойындап отыр. Ұсталғанның сөзіне қарағанда, олар тұрғылықты мекен-жайы жоқ Сергей есімді азаматты паналатқан. Ақпан айының соңында қонақ жанжал шығарып, төбелеспек болған. Өз-өзін қорғамақ болған күдікті қарсыласын жаралапты. Кейін оның табанын шауып алып, үйіне бара жатқанда мектептің жанына лақтырып жіберген. Ер адамның мүрдесі бір жарым айдай сезіктінің жұмысының қасында жатқан. Тәртіп сақшылары саусағының бедері бойынша жапа шеккеннің кім екенін анықтады. Ол 44 жастағы бұрын басы істі болған адам екен.

Нұржан Омаров, Петропавл қалалық ІІБ аға тергеушісі:

-Адам өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны, ІІ топтағы мүгедек уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айдана Демесінова