Қоғам

“Жолдау – әр үйге”

 

Бұл “Әлем” еріктілер орталығының ұйымдастырып жатқан кезекті акциясы. “Жолдау – әр үйге” деп аталатын шара сәуірдің 10 бастау алды. Мақсат, тұрғындарды маңызды құжатпен жете таныстыру.

Евгений Пеньков, “Әлем” еріктілер орталығы” ЗТБ өкілі:

-Сондай-ақ әлеуметтік сауалнама жүргізетін боламыз. Нәтижесінде халықтың Жолдауды қаншалықты білетінін сараптамақ ойымыз бар. Кейін, осының негізінде, бәлкім тағы өзге шаралар ұйымдастырармыз.

 

1 сағаттың ішінде белсенді жастар 100-ге жуық жолдау кітапшаларын таратты. Халық көп шоғырланған қаланың өзге аудандарында да акцияны өткізу көзделген. Жалпы, “Әлем” еріктілер орталығының мүшелері 1 күннің ішінде 400-ге тарта жерлесімізге маңызды құжатты ұсынуды жоспарлап отыр. Шара барысында саяси өмірге қызығушылық танытып, Елбасының жыл сайынғы жолдауын қалт жібермейтіндер де кездесті.

Шамса Хациев:

-Біздің Президентіміздің саясатын толығымен қолдаймын. Елімізді дамыту бағытында қолынан келгенін жасап жатыр. Соған ризамын.

“Жолдау – әр үйге” акциясы қыркүйек айына дейін жалғаспақ.

Айдана Демесінова