Қоғам

Петропавлда “Нұр Отан” ХДП доктринасының жаңа жобасы талқыланды

 

Бұл құжат 10 жыл бұрын қабылданыпты. Одан бері еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып, бірқатар заңнамалар өзгертілді. Заман талабына орайластырылған жаңа саяси тұжырымдама нұротандықтардың алдағы мамыр айының 15-де өтетін съезінде қабылданбақ. Сондай-ақ отырыста сенатор өңірдегі жұмыс сапарының нәтижелерімен бөлісті.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Ардагерлер жөніндегі заңнама әлі қабылданбай отыр. Зейнетақы реформасына да нүкте қойылған жоқ. Солтүстікқазақстандықтармен кездескенде денсаулық сақтау саласын жетілдіре түсу бойынша сұрақтар қойылды. Көбін балабақша кезегі алаңдатады. Жұмыс сапарым барысында жиған бар өтініш, ұсыныстарды қорытып депутаттық сауал жасаймын.

Жеңіс Ермұқанов