Спорт

Жеңілатлетшілер жарысы

 

Облыстық жарыс 60 метрге жүгіруден басталды. Бұл тартысты додаға жеңіл атлетикадан Қазақстанның 7 дүркін чемпионы Максим Исаев та қатысты. Максим алғашқы жеңісіне 6 жасында  жетіпті. Айыртаулық спортшы жүгіру мен ұзындыққа секіруден алдыма жан салмаймын дейді. Сөйтіп Максим 60 метрге жүгіруден мәре сызығын бірінші болып кесті. Оның көрсеткіші 6,9 секунд.

 

Максим Исаев, спорт шеберіне үміткер, Айыртау ауданы:

– Мен қазір алдағы өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Осы сайысқа қатысу, қатыспауым белгілі болады. Сондықтан да бүгінгі жарыста жеңуге тырысамын.

 

Ал, Диана Тасболатова мұндай жарыстарға алғаш рет қатысып отыр. Ол Жамбыл ауданының намысын қорғауда. Диана бірінші күні ұзындыққа секіруден жақсы нәтиже көрсетіпті. Оның жеңіл атлетикамен айналысып жүргеніне 4 жыл болыпты.

 

Диана Тасболатова, жарысқа қатысушы, Жамбыл ауданы:

-Бүгін жүгіруде, секіруден жарысып жатырмыз.

 

Ұйымдастырушылар жыл санап мұндай жарысқа қатысушылардың саны артып келеді дейді. Бұл жолы облыстық чемпионатта өңіріміздің 10 ауданынан 200-ге жуық спортшы келіп отыр. Олар спорттың екі түрі бойынша сынға түсті.

 

Есілбай Омаров, спорт мектептерімен жұмыс бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері:

-Бұл чемпионатқа 10 команда қатысып отыр. Біздің облыста жеңіл атлетика жақсы дамыған. Жуырда ғана біздің жеңілатлетшілеріміз Алматы қаласында 3-ші орынды алып келді.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орында -Айыртау, екінші орынды Аққайың ауданының спортшылары місе тұтса, үздік үштікті есілдіктерді қорытындылады. Жеңімпаздар грамота, медаль және кубоктармен марапатталды.

 

Гүлбану Ахметова