Бизнес және экономика

Бюджеттің ашықтығы

Халықаралық сарапшылар екі жылда бір 100-ден астам ел бюджетінің ашықтығын саралайды екен. Соңғы тәуелсіз зерттеу мемлекеттердің 77 пайызы қазына қаржысының жұмсалуы жөнінде қоғамға толық түрде есеп бермейтінін көрсеткен. Бұл ретте Қазақстанда да ақпарат азаматтарға шектеулі беріледі екен.

Әсел Қырықбаева, құқықтық-экономикалық реформаларды қолдау орталығының директоры:
-Қазақстан барлық 100 балдың 48-н жинады. Алдыңғы зерттеумен салыстырғанда 10 ұпай жоғары. Республикамыз ТМД елдерінің арасында азаматтық бюджетті қалың жұрт назарына шығаратын жалғыз мемлекет. Индекс көрсеткішін төмендетіп тұрғаны халық алдындағы есептердің жарты жылда бір өткізілмеуінде.

Ел ішіндегі зерттеу әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалар жайында солтүстікқазақстандықтардың құлағдар болуы орташа деңгейде екенін танытыпты. Ақпаратты көпшілікке қолжетімді етудің бірден бір жолы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігін нығайта түсуге ден қою. Бұл өңіріміздің үшінші сектор өкілдері мен республикалық сарапшылардың пікірі.

Сергей Худяков, “СҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы” ҚБ төрағасы:
– Әлеумет өздеріне тікелей қатысты мемлекеттік жобалардың жүзеге асуын бақылау керек. Қаржының қайда жұмсалғанын білу маңызды. 2011 жылғы көрсеткіш бойынша СҚО 7-ші орында. Биыл кемінде үздік 5-ке енуіміз керек. Ол үшін тым болмағанда жергілікті әкімшіліктің ақпараттық сайттарын кеңейту керек.

Биыл әр аумақтың макроэкономикалық көрсеткіштерінің ашықтығы тағы сарапқа түсетін болады.

Жеңіс Ермұқанов