Құқық қорғау органдары

Тағы бір пәтер алаяғы ұсталды

 

Ұсталған келіншек бір бөлмелі пәтерді өзі бір күнге жалдап, оны басқа біреулерге ұзақ мерзімге тапсырып кетіп отырған. Бұның жалған келіссөз екені кейін үйдің нақты қожайыны кілтті сұрап келгенде белгілі болады. Күдікті осыған ұқсас қылмысы үшін өткен жылы да айыпталып, рақымшылыққа іліккен екен. Бірақ бұл сабақ болмапты, ол қылмысын жалғастыра берген. Алаяқ ізін өшіру үшін телефонындағы СИМ-картаны ауыстырып отырған.

 

Күдікті:

-Пәтерді ұзақ мерзімге жалға бердім, 35 мың және коммуналдық қызметтер ақысы. Жұрт хабарландыру бойынша хабарласады, мен қайда келу керектігін айтамын, пәтерді қарап, бірден 35 000 береді.

– Қандай да бір келісімшарт жасалды ма?

– Жоқ, олар келісім шарт неге жасалмайды деп сұрамайды.

 

Ол өзінің іс-әрекетін ақшаға мұқтаж болуымен түсіндіруде. Қазір оған 5 қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сезікті қамауда. Тәртіп сақшылары оның тағы да басқа қылмысқа қатысы болуы мүмкін дейді. Ал жәбірленушілерге полиция бөлімшесіне келуге кеңес береді.

Данаш Хамзина