Бизнес және экономика

2 мың теңгелік банкнота жаңартылды

 

Номиналы 2 мың теңгелік ақша өткен жылы өзгертіліпті. Онда 7-ші қысқы Азияда нышандары орналасқаны баршаға мәлім. Биыл банкнота мүлдем өзге кейіпке енді. Жаңашылдық экономикалық құндылығына қоса, еліміздің бүгінгі жетістіктерінен сыр шертеді.

 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚФ маманы:

– Басты түстері қою және ашық жасыл. Бет жағында” Қазақ елі” монументі бейнеленген. Жоғарғы жағында ҚР туы, елтаңбасы суреттелген. Ортасында кептердің бейнесі бар.

 

Мемлекеттік нышандар мен бейбітшіліктің символы елдегі ынтымақ пен тұрақтылықтың белгісі. Суреттер көлденеңінен орналасқан. Сырт жағында елдің географиялық жолағы жайғастырылды.

 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚФ маманы:

– Сырт жағында ҚР картасы мен Ертіс өзені суреттелген. және номиналы көрсетілген. Оң жағында қазақ туы мен киіз үйдің бейнесі бар.

 

Қорғаныш қабаты жетілдірілді. Сондай-ақ қаржыгерлер 2006, 2012 ж.ж.үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың құны жойылмайтынын айтады, жаңасымен қатар қолданыла бермек.

 

Жеңіс Ермұқанов