Қайырымдылық

Мүгедек жандарға жолда тегін жүру билеттері берілді

Қалалық зағиптар қоғамында 400-ге тарта адам бар екен. Олардың 301-і бүгін жол жүру билетіне ие болды. Ал қалғандары қоғамдық көлікпен қатынамағандықтан, бұл қолдаудан бас тартқан көрінеді. Жыл сайын көрсетілетін мұндай көмектің пайдасы зор дейді Еркебұлан Аманжолов.

 

Еркебұлан Аманжолов, қалалық зағиптар қоғамының төрағасы:

-Зағип адамдарға 1 аялдама болсын жүру қиын. Олар адасып та қалуы мүмкін. Сондықтан осындай көмекке алғысымды білдіремін.

 

Жол жүру билеті зағиптарға ғана емес, өзге мүгедек жандарға да жыл сайын тегін беріліп келеді.

 

Галина Семенова, «СҚО автокөлік одағы» Ассоциациясының төрайымы:

-Елбасымыз әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қолдауға көп көңіл бөледі. Біз де осы бастаманы қолдап, белгілі бір адамдарға жыл сайын жол жүру билеттерін тегін таратамыз. Бұл көмекті атап айтар болсақ, ауған соғысына қатысқандарға, Чернобыль одағының, зағиптар қоғамдастығының мүшелеріне, тұрмысы төмен отбасылардағы мүгедектерге көмек көрсетеді. Сондай-ақ, 80-нен асқан қариялар автобустар мен троллейбустарда тегін жүре алады.

 

Жарымжандардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне биыл 54 млн теңге жұмсалыпты. Осылайша 750 жерлесіміз троллейбустар мен автобустарда қалтасынан ақша шығармай жүре алады.

 

Айдана Демесінова