Kurultai banner mobile

Спорт

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионаты

Қарсыластың қақпа кілтін Юрий Дяг ашты. Маусымдағы алғашқы голды Александр Загура еселеді. Тұңғыш үш ұпай таза жеңіспен келді. Келесі ойында жерлестеріміз Қаратау қаласында “Лашын” құрамасымен мықтылық байқасады. Үлкен футбол өңірімізге 10 сәуір күні келеді. “Қызылжар СК” жігіттері өз алаңында премьер-лиганың “Тараз” құрамасын қабылдайды. Жанкүйерлер ел кубогы үшін іріктеу тартысын тамашалайды.

Жеңіс Ермұқанов