Бизнес және экономика

Бірыңғай зейнетақы қоры құрылады

Жастық шақта елге еңбек етіп, салмақты жиналып қалған зейнетақы кәрілікке дейін шашылмай-төгілмей жетсе, өкпе жоқ. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 92 мың зейнеткер болса, оның 66 мыңы – әйелдер екен. Еліміздегі зейнетақы жүйесін жетілдіру үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма берген болатын.

 

Наталья Миронова, СҚО бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары:

-Осы орайда ҚР Парламентінің Мәжілісіне “Зейнетақымен қамсыздандыру” туралы заң жобасы ұсынылды. Құжатта зейнетақы жинақтау жүйесінің тиімділігін арттыру және Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорын құру қарастырылған.

 

Қазақстанда Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорын ағымдағы жылы құру жоспарланып отыр.

 

-Зейнетақы қорының бір жерде болғаны дұрыс деп ойлаймын.

-Кейін, біреуден талап еткенде де жақсы.

 

Қазіргі уақытта елімізде зейнетақы жүйесінің дамуын көздейтін өзге де мәселелер қарастырылып жатыр. Әзірге, олар заң жобасына енгізілген жоқ.

 

Наталья Миронова, бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары:

Өзгерістер көпшілік талқылауынан кейін және тұрғындарды зейнетақы жинақтау жүйесімен қамтуды кеңейту, зейнетақымен қамсыздандырудың минималды кепілдігі жүйесін өзгерту, зейнет жасын сәйкестендіру және айрықша еңбек жағдайындағы тұлғаларға еріктіден міндетті кәсіби зейнетақы жарнасына ауысу мәселелері қарастырылғаннан кейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылма.

 

Атап өту керек, қазіргі көп деңгейлі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі сақталатын болады. Бұл – ынтымақты-жинақтау және ерікті деңгей.

 

Данаш Хамзина