Қоғам

Комсомол ардагерлерінің бірлестігіне – 10 жыл

 

Солтүстік Қазақстан облыстық “Одақ” комсомол ардагерлері қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 10 жыл толмақ. Құрамында 140 мүшесі бар ұйымның негізгі жұмысы бала тәрбиесіне бағытталған. Яғни мектеп оқушыларын өз елінің патриоты болып өсуіне үгіттеу, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Осы уақыт аралығында аға буын өкілдері мектеп оқушылары үшін ұйым жарнасынан қаржы бөліп, оған екі спорт алаңын салып беріпті. Облыс әкімімен әңгіме барысында ардагерлер 10 жыл ішінде өңіріміздің өркендеуі жолында қандай істер тындырғандары жайында айтып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

 

Валерий Маслов, СҚО “Одақ” комсомол ардагерлері ҚБ төрағасы:

-Биыл комсомолдар ұйымының құрылғанына 95 жыл толса, біздің қоғамдық бірлестігімізге – 10 жыл. Мерейтой қарсаңында қаланың шет аудандарындағы мектептерде оқитын 250 балаға облыс орталығында экскурсия ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Онда оқушылар Петропавлдағы 6 кәсіпорында болып, олардың жұмыстарымен танысады. Мұражайда облыс, қала тарихынан мол мағлұмат алып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуынан хабардар болмақ. Бұл ойымызды облыс әкімі құптап отыр.

 

Самат Есмағи