Қоғам

“Болашаққа жол!” акциясы

 

Кітапша, үнпарақ, жалауша, брелок пен бейзболка -бәрінде “Қазақстан-2050” деген жазуы бар. Белсенді жастардың жұмылуымен “Болашаққа бірге!” атты акцияға атсалысқандарға таңбаланған осы заттар тарту етілді.

 

Яна Федорович, “Әлем”еріктілер орталығы” ЗТБ төрайымы:

-Біз осы арқылы Елбасының жолдауына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Ондағы басымдылықтар жайында тағы бір құлағдар етуді жөн санадық. Өйткені бұл құжат әр қазақстандыққа тікелей қатысты.

 

Жолдаудың көздегені халықтың әлеуетін жақсарту. Жетістіктерді қорытып, жаңа белестерді бағындыру. Игі шараға бұны жақсы түсінетін жастар көптеп тартылды. Президент елдің жарқын болашағының іргесін қалауда осы өскелең ұрпаққа сенім артады. Ол үшін жастарды білім қуумен қатар елжанды болуға шақырады. Әр қатысушы үлкен параққа маңызды құжат жайында ойын түртіп, қолтаңбасын қалдырды. Жалпы акцияға 300-ге тарта адам қатысты.

 

Жеңіс Ермұқанов