Спорт

«Қызылжар» командасының оқу-жаттығу кездесулері жақсы өтті

 

Грузияның “Зубдиди” командасымен тең ойнаса, олардың “Терек” қосымша құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Екі голды Станислав Богданов және Евгений Кусков салған. Есте қаларлық кездесу даниялықтармен өткен. Жерлес футболшы Юрий Мокроусов ойынның 19-шы минутында бірінші болып есеп ашса, соңғы нүктені Артем Дели қойды. Сөйтіп даниялықтармен өткен кездесуде де біздің аяқдоп шеберлеріміз 2:0 есебімен жеңіске жетті. Жалпы солтүстікқазақстандықтар оқу-жаттығу жиындарында 15 ойын өткізген. Ал наурыздың 31-і бірінші лига ойындары жалауын көтермек. Онда “Қызылжар СК” футболшылары  Шымкенттің “Биік” командасымен кездеседі.

 

Гүлбану Ахметова