Құқық қорғау органдары

Боранды күні жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың денелері табылды

 

Еске сала кетейік, ерлі-зайыпты Жамбыл және Мадина  Белгібаевтар ақпанның 25-і таңғы сағат тоғыз  шамасында өздері тұрып жатқан Уәлиханов ауданының Тілеусай ауылынан шығып, 40 шақырым жердегі Мортық елді мекеніне жол тартпақшы болыпты. Іздеу жарияланғалы тәртіп сақшылары мен жергілікті тұрғындардың жұмылуымен кешенді шаралар жүргізілді. Араға бір ай салып, діттеген ауылға жетуге 25 шақырым қалған жерден мәйіттері табылды. Ат құлағы көрінбейтін боранда жаяу  адасып, үсіп кеткен ерлі-зайыптылрдың мәйіттері қалың қардың астында қалыпты. Олардың артында 4 бала қалды, үлкені 14-те, кішісі 4 жаста.

 

Жеңіс Ермұқанов