Спорт

Әуесқой балықшылар жарысы

 

Мемлекеттік қызметшілер арасында мұндай чемпионат алғаш рет өткізіліп отыр. Оған 8 құрама қатысуда. Әуесқой балықшылар арасында өз бағын сынап жатқан кедендік бақылау департаментінің бөлім бастығы Валерий Кукуруза да бар. Қармаққа балықты ілудің қыр-сырын мемлекеттік қызметкер жақсы біледі. Сондықтан да ауа райының қолайсыздығына қарамастан ол жарыстың соңына дейін 5 алабұғаны қармағына ілді. Ол бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізген кездерім болды дейді.

 

Валерий Кукуруза,СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің бөлім бастығы:

– Жарыс жақсы өтуде. Ұйымдастырушыларға рахмет. Негізінен біз достарымызбен әр демалыс күндері осында балық аулауға келіп тұрамыз. Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қармаққа да балық ілінбей жатыр. Дегенмен көңіл күйіміз жақсы.

 

Сливное көлінде балықтың 9 түрі мекен етеді. Көктем мезгілінде қармаққа тек алабұға мен шортан ілінеді екен. Балық аулау мезгілі сәуір айында басталады. Сондықтан да ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай жарыстарды дәстүрлі түрде өткізуді қолға алмақ ойлары бар.

 

Марат Есімсейітов, СҚО бойынша балық инспекциясының бөлім бастығы:

– Әуесқой балықшылардың балық аулауына 200 ойық  қаздық. Бұл балықтарға да пайдалы. Өйткені қазылған шұңқырлар арқылы балықтарға оттегі барады. Және мұндай жарыстарды жиі өткізуді жоспарлап отырмыз.

 

Сөйтіп жарыс қорытындысы бойынша жекелей есепте салық департаменті үздік атанды. Ал осы қызметтің басқарма бастығы Валерий Судаков чемпион атанды. Оның балық аулаудағы тәжірибесі 40 жыл.

 

Валерий Судаков,СҚО бойынша салық департаменті қызметкерлермен жұмыс басқармасының бастығы:

-Балық аулау оңайға соқпай жатыр. Меніңше балықтың қармаққа тез ілінуі үшін көп тәжірибе керек сияқты. Ол үшін адамның бұл спорт түріне деген қызығушылығы болған дұрыс.

Ал, командалық есепте бас жүлде салық департаментіне тиді. Екінші орынды кедендік бақылау департаментінің командасы місе тұтса, үздік үштікті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті тұйықтады.

 

Гүлбану Ахметова