Құқық қорғау органдары

Полицейлер сахнада өнер көрсетті

 

 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында сахнаға шыққан полицейлер тек қана тәртіпті қадағалау мен қылмыстың алдын алуда ғана емес, сонымен қатар өздерінің өнерге де бір табан жақын екендіктерін танытты. «Наурыз мейрамы» концертіне ішкі істер саласының ардагерлері, полиция қызметкерлері мен облыс әкімі Самат Ескендіров қатысты. Департаменттің вокалдық тобы өздерінің жанды жадыратар әндерімен көрермендерді бір серпілтіп тастады.

Мақпал Жәменова, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының инспекторы:

– Бүгіні Наурыз мерекесіне арналған концертке қатысамыз. Мереке құтты болсын, денсаулықтарыңыз мықты болсын. Ақ мол болсын. Наурыз мерекесі біздің Қазақстанда тойлана берсін.

 

Кеш барысында тек қана ән шырқалып қоймай, «Арлан» арнайы отрядының сарбаздары да өз өнерлерін ортаға салды.  Концерт барынша көңілді өтеді деген сенімдеміз дейді сахнаға шығып, өнер көрсеткен ішкі істер департаментінің мамандары.

Қапез Дәулетбаев, СҚО ІІД кадрлармен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы:

– Бұл кеште 80,90-жылдардағы және осы кездің әндері орындалады. Меніңше, концерт барлығына ұнайды. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақыт әкелсін.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 2 мыңнан астам тәртіп сақшысы қызмет етеді. Ал мереке күндері олар екі есе күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

Әспет Әбдірешова