Құқық қорғау органдары

Бала ұрлағандардың барлығы қолға түсті

13 жасар Сергей Семенченяны ұрлауға облыс орталығының 3 тұрғыны қатысты. Қастық ойлаушылар жасөсіпірімді қайтарып беру үшін ақша талап еткен болатын. Тәртіп сақшыларының ұйымдасқан әрі тез жұмыла жасаған жұмысының барысында 4 күннен кейін бала ата-анасымен қауышты. Қазір осы іске қатысы бар адамдардың барлығы уақытша қамау изоляторында. Екеуі аттестаттаудан өтпей қалған бұрынғы полицейлер. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» деген 125-ші бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Айыпкерлер 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Мадина Балғашұқова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Тоқталмай жүргізілген жедел іс-шаралары барысында еш жерде жұмыс істемейтін қылмысқа қатысы бар 28 және 31 жасар Петропавл қаласының тұрғындары ұсталды. Көрсетілген тұлғаларға бала ұрлағаны үшін айып тағайындалды. Және Петропавл қалалық соты тұтқындау санкциясын тағайындады. Осы қылмыстық іс облыстық тергеу басқармасына тапсырылды.

 

Әспет Әбдірешова