ТКШ

Құбыр жарылып, аспанға ыстық су атқылады

Апатқа технологиялық бұзылыс себеп болған.Диаметрі 250 мм құбыр әбден тозған екен. Қазір аққан су үлкен аумақты алып жатыр, тіпті, жақын маңдағы үйлердің жертөлелеріне де жетіп қалыпты. Құбырдың тесілуіне байланысты мамандарға аудандағы 7 көпқабатты баспана, бірнеше дүкен және мешітті жылу мен ыстық судан уақытша ажыратуға тура келді. Апат орнында Петропавл «Жылу желілерінің» 2 бригадасы және 6 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, олар зақымданған құбыр бөлігін ауыстырған. Барлық жөндеу жұмыстары қас қарайғанша аяқталды. Бүгінде облыс орталығындағы жылу желілерінің 70 пайызы ескірген екен. Өткен жылы Петропавлда жылу құбырының 8,5 шақырымы жөнделсе, биыл 10,8 шақырымын қайта қалпына келтіру жоспарлануда.

 

Данаш Хамзина