Мәдениет

Джаз музыкасы концерті

 

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрына нағыз джаз музыкасын бағалаушылар жиналды. Мерекелік кешке келген қала тұрғындары джаз жаныңды жадыратады дейді. Сондықтан кештен үлкен әсер аламыз деген үмітте.

 

Бүгін менің оқушыларым өнер көрсетеді. Өзім классиканы жақсы көремін. Сондықтан концерт тамаша өтеді деп ойлаймын.

Көптен бері осындай кештерге келмеппін. Жақсы музыка тыңдап, дем алып қайтамын деп ойлаймын.

 

Алдымен сахнаға Эстониядан келген музыкалық дуэт шықты. Танел мен Лассе Йоаметстер музыкалық аспаптарда бала кездерінен ойнайды. Содан бері олар Эстония және Финляндия көрермендерінің алдында өнер көрсетіп келеді.

Фортепиано мен скрипканың өзгеше үні, кәсіби шеберлік пен күтпеген музыкалық шешім. Джаз шебері атану үшін суырып салма болу керек. Ағалы-інілі Йоатместердің репертуарларына негізінен 20-шы ғасырдың 30-50 жылдарындағы шығармалар енгізілген.

 

Танел Йоатмес, пианиношы, Эстония:

Музыкалық сапарға шығу жайлы ұсынысты мен жасадым. Ал аспапта ойнауда ағам екеуіміз бір-бірімізді толықтырып тұрамыз. Осында бірінші рет келіп тұрмыз.

 

Кештің екінші бөлімінде сахнаға Геннадий Брюхановтың   жетекшілігіндегі жергілікті музыкалық джаз ұжымы шықты. Солтүстікқазақстандық джаз ұжымына биыл 13 жыл толады. Оркестр репертуарында ондаған шығарма бар.

 

Геннадий Брюханов, облыстық эстрадалық және джаз музыкасы оркестрінің көркемдік жетекшісі:

– Біздің орындауымыздағы сүйікті авторлар мен сазгерлердің музыкасы заманауи джаз-рок, панк-рок ритмдерінде. Бүгін жаңа бағдарлама ұсынып отырмыз.

 

Көрермендер музыканттардың кәсіби шеберліктерін аса жоғары бағалады.

 

Әспет Әбдірешова