Білім

Тіл білгірлері байқауы

Байқауға жүректері мемлекеттік тіл – менің тілім деп соққан 10 адам қатысты. Барлығы да жеңістен үмітті. Юлия Еншина облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернаттың намысын қорғай келіпті. Психология пәнінің мұғалімі қазақ тілін жетік меңгеруге тырысып жүргендердің бірі.

Юлия Еншина, облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернаттың психология пәні мұғалімі:
– ҚР әр азаматының міндеті – қазақ тілін меңгеру, білу. Мен қазақ тілін мектеп қабырғасынан үйреніп келемін. Осындай шараларға қатысу мен үшін үлкен құрмет.

Облыстық байқауға әр интернат мекемесінен мемлекеттік тіл үйірмесінде оқып жүрген бір өзге ұлт өкілі қатысты. Сайыс барысында олар конкурс шарттарына сәйкес өздерін таныстырып, белгілі тапсырмаларды орындады.

Нұрлан Жамантаев, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығының орынбасары:
-Өтіп жатқан байқаудың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілі үйірмелерінде оқып жүрген ұстаздар мен тәрбиешілерді көтермелеу.

Байқау қорытындысы бойынша облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернат мұғалімі Юлия Еншина үздік деп танылды.

Әспет Әбдірешова