Энергетика

Жылу берушілердің тұтынушылармен есепті кездесуі

«Петропавл жылу желілері» тұрғындармен тікелей жұмыс жүргізеді. Қолданыстағы желілердің 70 пайызының тозығы жеткен. Сондықтан мәселелер шаш етектен.

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департаментінің директоры:
– Осы проблема, әсіресе, қазір қыс айларында жылу беру кезінде әр жерде апаттық жағдайлар болып жатыр. Нормативтен тыс көрсеткіштерді бұл мекеме орындамай отыр. Олар 30 пайызға жетіп отыр. Бұл өте үлкен көрсеткіш.

Бұл мәселе тарифке келіп тіреледі. Ал жалғыз тариф арқылы проблеманы түбегейлі жою мүмкін емес дейді энергетиктер.

Андрей Калиничев, «Петропавл жылу желілері» ЖШС директоры:
– Желілерді жаңарту үшін құбырларды ғана емес, барлық насостық құрылғыларды қалпына келтіру қажет. Мұны орындау үшін жыл сайын шамамен 5 млрд теңге қажет. Бұл мүмкін емес, сондықтан мемлекеттің қатысуын қарастырудамыз.

Сондай-ақ мекемеде білікті мамандар тапшылығы да байқалады. Кәсіпорын басшылығы бұл бағыттағы жұмыстарды да қолға алыпты.

Инеш Шоқақова