ТЖ

Теміржолдағы апат

Осы ауданның Ащыкөл станциясынан шыққан дрезина жүргізушілері «Дәуіт» бекетінің диспетчерлерін ескертпепті. Осылайша, еш хабарлаусыз Талшыққа жол тартқан. Ал 6 вагонына бидай артылған локомотив Уәлиханов ауданының Кішкенекөл станциясынан Дәуітке қарай жүрген. Апат салдарынан дрезинаның 2 машинисі қаза тапты. Мұндай қайғылы оқиға өңірімізде алғаш рет тіркеліпті

Рүстем Жұмағалиев, СҚО ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы:
Оқиға орнында арнайы комиссия өз жұмысын жүргізуде. Олар апаттың себебін анықтауда. Қаза тапқан машинистер қосалқы станциялардың кезекшілеріне жолға шыққандары жайлы хабарламаған. Алдын ала болжам бойынша бұл оқиғаға дрезина жүргізушілері кінәлі.

Айдана Демесінова