Қоғам

Наурыздың 15-де Сенатқа СҚО-дан депутат сайлауы өтеді

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар ҚР Парламенті Сенатына СҚО-дан депутат сайлауына қатысатын үміткерлердің сенімді тұлғалары, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдары жайлы сөз етілді. Наурыздың 12 -16-сы аралығындағы облыстық сайлау комиссиясының жұмыс жоспары бектілді. Сайлау уақыты мен орны, Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды жіберу формасы анықталды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды. 

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарына арналған ақпарат.
Наурыздың 15-і сағат таңғы 10: 00 Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында ҚР Парламенті Сенатына СҚО-нан депутат сайлайтын дауыс берушілердің бірлескен отырысы өтпек. Депутаттар отырысқа қатысуға міндетті.