Спорт

Мұз айдындары жұмысын аяқтады

Шуағын айналаға шашқан күн, баяу соққан жел мен аздаған шыңылтыр аяз. Бұл мұзда сырғанаушылар үшін айтарлықтай қолайлы ауа райы. Николай Хван мен оның жанұясы осында келіп, конькимен сырғанауды жақсы дәстүрге айналдырыпты.

Николай Хван:
– Ауа райының қолайлы болуына қарай, келіп тұруға тырысамыз. Мен қыздарымды кішкене күнінен коньки тебуге әкелемін.

Ал бес жасар Анатолий бүгін бірінші рет аяғына коньки киіпті. Оның алғашқы қадамдарын әкесі жіті бақылауда. Бұл істе бастысы тепе-теңдікті ұстау керек. Демалыстарын сәтті өткізу үшін мұз айдынына шыққан қала тұрғындарының арасында үлкен де, кіші де бар. Олардың қайсысы болмасын конькиде сырғанау өте қызықты әрі көңілді көтереді дейді.

– Үнемі осы мұз айдынына келіп, сергіп қаламын. Жақсы дем алып қайтамын. Көбінесе отбасыммен бірге келуге тырысамын.
– Конькимен сырғанау өте пайдалы. Әр жексенбі сайын осында келемін.

Қала бойынша осы қыста 6 мұз алаңы қызмет көрсетті. Мұз айдындары 2012-13 жылғы жұмысын наурыздың 11-і күні тоқтатты.  

Әспет Әбдірешова