Құқық қорғау органдары

Айыппұл орнына – гүл мен сыйлық

Наталья Ханина көлікті тек ер адамдар жүргізеді деген пікірмен келіспейді. Өйткені оның қоғамдық темір тұлпардың рөлінде отырғанына 40 жыл болған. Экологиялық таза көлікті нәзік жанды күнде басқарады. Оның бүгінгі жолға шығуы күтпеген сый болды. Өйткені жол полицейлері келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, гүл мен сыйлықтар табыстады. Наталья менің жұмысым өзіме ұнайды дейді.

Наталья Ханина, троллейбус жүргізушісі:
-Мен қоғамдық көліктің жүргізушісі болғаныма өкінбеймін. Өйткені, тұрғындарды таңертеңнен кешке дейін тасымалдаймыз. Бір өкініштісі экологиялық таза троллейбустардың саны азайып барады.

Ал, мынау болашақ бұрымды жүргізушілер өз жұмыстарына енді кіріспек. Өйткені олар мереке қарсаңында жүргізуші куәлігіне ие болу үшін, арнайы емтихан тапсыруда. Нәзік жандылар теориялық алған білімдерін іс жүзінде көрсетті. Және оларға жүргізуші куәлігін облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Айдар Совет табыстап, жолдарына сәт-сапар тіледі.

Айдар Совет, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының бастығы:
– Нәзік жандыларға әрдайым сыйлы, адал дос, жақсы жар және ана болуларын тілеймін. Қандай да бір өтініш немесе шағымдарыңыз болса есігіміз әрқашан ашық.

Жүргізуші куәлігіне ие болған қыздар, өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын жеткізді.

Оксана Князева:
– Барлық жүргізушілерге жолда абай болыңыздар деп айтқым келеді. Яғни апатты жағдайлар орын алмаса екен деймін. Ер адамдар тарапынан айтылып жатқан құттықтаулар жанды жадыратады.

Бұл күні 13 солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігіне ие болды.

Гүлбану Ахметова